Kazinform дерегінше, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Тұран жолбарыстан жерсіндіру мен күтіп-баптауға бюджеттен биыл 778 726 000 теңге, ал 2026 жылы 370 148 000 теңге көмек сұрады.
Ашық бюджеттер порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Тұран жолбарыстарын жерсіндіріп, жағдай жасау үшін және Ұлытау тау сілемінің табиғи және тарихи-мәдени объектілерін сақтауға мемлекеттік бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы қажет.
Еске салсақ, былтыр күзден бері «Іле-Балқаш» резерватында екі жолбарыс жерсіндіріліп жатыр.