Мәзір
31 қаңтар, 2025 / JariaLike / Спорт

Шапалақ шоу: Зәкір Найманбаев Дана Уайттың өзін тәнтті етті

Қазақстандық спортшы алғаш рет өнер көрсетті.

Шапалақ шоу: Зәкір Найманбаев Дана Уайттың өзін тәнтті етті Шапалақ шоу: Зәкір Найманбаев Дана Уайттың өзін тәнтті етті
Фотосурет Inbusiness.kz сайтынан

Inbusiness.kz ақпаратынша, UFC президенті Дана Уайт 2023 жылы "Power Slap" деп аталатын жаңа спорттық шараны іске қосты.
Бұл жарыста қатысушылар бір-бірін кезекпен шапалақтап, қарсыласын есінен тандыруға немесе жарысты жалғастыруға бас тартуға мәжбүрлеуге тырысады.

Жарыс ережелері бойынша қатысушылар қолдарын артқа ұстап, қарсыласының шапалағын қабылдайды. Ал жеңіс қарсыласты есінен тандырған адамға беріледі немесе ұпай санымен анықталады.
Осы шоуда алғаш рет қазақстандық спортшы Зәкір Найманбаев өнер көрсетті. Ол "Power Slap" промоушенімен ресми келісім-шартқа отырды.

Зәкір бұған дейін Ресейдегі "Каменные лица" және Қазақстанда өткен "Шапалақ шоу" сияқты жарыстарға қатысқан.
Сондай-ақ ол пауэрлифтингтен Азияның бірнеше дүркін чемпионы. Қазіргі таңда дене тәрбиесінің мұғалімі болып қызмет атқарады.

Сонымен, Зәкір Найманбаев Power Slap лигасында сәтті дебют жасады. Power Slap 11 турнирі 30 қаңтарда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтті.
Қазақстандық спортшының қарсыласы даниялық Троэльс Нильсен болды. Найманбаевтың соққысының жойқын болғаны соншалық, Нильсен бір шапалақтан соң бірден нокаутқа түсті. Бұл Дана Уайтты таң қалдырды.

Осылайша, промоушн иесі Зәкірге нокаут үшін қосымша сыйақы ретінде 10 000 АҚШ долларын берді.
 

Көп оқылды: