Алматыда дүңгіршектен тұрғындардың ашуына тиген жазуы алынып тасталды.
Қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес, әлеуметтік желіде тараған «Самса қатын емес, қорықпай екеуін ал» жазуы Алатау ауданында орналасқан тамақтану орнында ілінген.
— Алатау ауданы әкімдігінің мамандары Шоған абыз көшесі, 406/1-үй мекенжайында орналасқан қоғамдық тамақтану орнының көрнекі ақпараттарына мониторинг жүргізді. Кәсіпкерлік субъекті қызметкерлеріне деректемелер мен көрнекі ақпараттардың тілі және тұтынушыларға қызмет көрсету барысында тілдердің қолданылуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Нәтижесінде әдеби тіл нормаларына сай емес көрнекі ақпарат алынып тасталды, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда есірткі жарнамалаған тұрғын сотталғанын жазғанбыз.