Ulysmedia.kz дерегінше, оқиға туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Соған сәйкес ер адамға көмекке құтқарушылар жіберілгені айтылды.
– Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына Треколь арнайы техникасымен барды, онда жүк көлігінің жүргізушісі өте қиын жағдайда болды. Ұзақ уақытқа созылған суықтан көліктегі жанармай қатып, ер адам бес күн жолда қалған, делінген хабарламада.
Құтқарушылар зардап шегушіге қажетті көмек көрсетіп, денсаулығын тексеріп, көлікті қалпына келтіруге көмектесті.