Мәзір
27 қаңтар, 2025 / JariaLike / Саясат

Лукашенко Беларусь президенті сайлауында жетінші мәрте жеңіске жетті

Қатысушылардан кандидаттардың қайсысына дауыс бергені сұралды.
 

Лукашенко Беларусь президенті сайлауында жетінші мәрте жеңіске жетті Лукашенко Беларусь президенті сайлауында жетінші мәрте жеңіске жетті
Фотосурет ria.ru сайтынан

Inbusiness.kz дерегінше, Беларусьте өткен президент сайлауында қазіргі президент Александр Лукашенко жеңді. Бұл экзитпол деректерінен белгілі болыпты.
– Сауалнама нәтижелері бойынша Беларусь президенттігіне үміткерлер Олег Гайдукевичке сайлаушылардың 1,8%-ы дауыс берді; Анна Канопацкаяға – 1,6%; Александр Лукашенкоға – 87,6%. Сергей Сыранков 2,7% дауыс жинады, Александр Хижняк – 1,2%, "барлығына қарсы" – 5,1%, – деп хабарлады Беларусьтің алғашқы ақпараттық телеарнасы.
Сауалнама 320 сайлау учаскесінде жүргізілген. Қатысушылардан кандидаттардың қайсысына дауыс бергені сұралды. Жалпы 11 948 адаммен сұхбат жүргізілді, ол анонимді өтті.

Көп оқылды: