Ресми ақпаратты Inbusiness.kz сайты ұсынды. Соған сүйенсек, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде Жапонияның Қазақстандағы елшілігі жапондық «Sojitz Foods Corporation», «Senko Farm» компаниялары өкілдерімен жүздесті
Кездесудің негізгі тақырыбы – қазақстандық жылқыларды Жапонияға экспорттау мәселелерін, ветеринариялық-санитариялық бақылау мәселелерін қоса алғанда, тірі жылқыларды экспорттау үшін хаттаманы келісу рәсімдерін талқылау.
Қазақстандық тарап ынтымақтастыққа және экспортта жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.
Тараптар жедел ақпарат алмасудың және халықаралық стандарттарды қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.