Ulysmedia.kz дерегінше, оқиға Семейдің Қарағайлы шағын ауданында тіркелді. Анықталғандай, 16 қаңтарда сағат 23:22-де Қарағайлы, 44 мекенжайындағы тұрғындардан су құбырының жарылғаны және салдарынан ауыз судың өшірілгені туралы ақпарат келіп түсті. Осыған байланысты жүздеген тұрғын ауызсудан қағылған..
Оқиға орнына «Семей Водоканал» МКК кезекші топ авариялық жағдайдың себептерін анықтап, салдарын жою үшін жедел түрде жетті. Сондай-ақ қала әкімі Талғат Мұратов дереу оқиға орнына барып, авариялық жағдайды жоюды жеке бақылауына алды.
Алдын ала мәлімет бойынша, авария диаметрі 300 мм су құбырында болған.
Апатты жоюға 2 техника бірлігі және 5 қызметкер жұмылдырылды.