Мәзір
16 қаңтар, 2025 / JariaLike / Аймақ

Батыс Қазақстанда ұрылар мал сойып, бас-терісін жасырып отырған

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілердің бірі осыған дейін аудан аумағында тағы үш рет мал ұрлығын жасағаны белгілі болды.
 

Батыс Қазақстанда ұрылар мал сойып, бас-терісін жасырып отырған Батыс Қазақстанда ұрылар мал сойып, бас-терісін жасырып отырған
Фотосурет Informburo.kz сайтынан

Аталған ақпаратпен Kazinform агенттігі бөлісті. Соған сүйенсек, БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері Жәнібек ауданының екі тұрғыны ұрланған малдың етін Орал қаласына тасымалдау кезінде қолға түскенін алға тартты.
Көлікті тексеру барысында еркін жайылымнан ұрланған екі ірі қараның сойылған еті табылды. Тергеу барысында малдың Жәнібек ауданының бір тұрғынына тиесілі екені анықталды.
Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілердің бірі осыған дейін аудан аумағында тағы үш рет мал ұрлығын жасағаны белгілі болды. Олар ұрланған малды сатып, терілерін Ащыөзек өзенінің көпірінің астына тастаған. Сонымен қатар күдіктілердің бірі малшы болып жұмыс істеп жүрген кезде қылмыс жасағаны анықталды.
- Тергеу барысында жақын маңнан ұрланған малдың көмілген бас-терісі және басқа да бөліктері табылды. Сондай-ақ қылмыс жасауға пайдаланылған құралдар тәркіленді. Қазіргі уақытта мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс материалдары сотқа процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді, - деп хабарлады ведомстводан.

Көп оқылды: