Мәзір
25 желтоқсан, 2024 / JariaLike / Күн-Жария

Ақтау маңында жолаушылар ұшағы құлады

Ұшақта 67 адам болған 

Ақтау маңында жолаушылар ұшағы құлады Ақтау маңында жолаушылар ұшағы құлады
видеодан скрин

Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады, деп хабарлайды Jarialike.kz

Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ құлады. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақта 67 адам болған. 

Оқиғаға байланысты ТЖМ мәлімдеме жасады.  
"Ақтауға ұшақ апат болған жерге Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамынан 52 адам және 11 техника келді. Құтқару бөлімшесі өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, аман қалғандар туралы ақпарат алдын-ала хабарланады",-деп хабарлады ТЖМ. 

 

Көп оқылды: