Ақсуат ауданы бойынша 19 мектеп жұмыс істейді, онда 4500-ге жуық оқушы білім алады. Абай облыстық мәслихатының депутаты Қайырлы Хасенов 15 мектептің 130 оқушысына мектепке қажетті құрал-жабдықтарды табыстады.
«Ы.Кәбеков атындағы ОМ», «Аққала БМ», «М.Әуезов атындағы Көкжыра ОМ», «Тоғас батыр ОМ», «Сасан би атындағы ОМ» «Ю.Гагарин атындағы ОМ», «Тана мырза атындағы ОМ», «Көктүбек мектеп-бөбекжай балабақша кешені», “С.Сейфуллин ОМ”, “Қаныш Сәтпаев атындағы Жәнтікей ОМ”, «Қожегелді батыр атындағы ОМ», «Өкпеті ОМ», «Би боранбай ОМ», «Ғ.Мұратбаев ОМ», «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат ОМ» мектептерінің оқушыларына берілді.
"Еліміздің болашағы осы жас ұрпақтың қолында. Терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болып, ақ жолмен аппақ көгершін - армандарына сүрінбей жетулеріне тілектеспін.
Өркениетке бет алған қазақ елінде білім мен тәрбие отын жағып отырған мектептердің орны ерекше,оның ішінде ұстаздардың орны ерекше. Алты алаштың басы қосылса төрдегі орын ұстаздыкы. Себебі “Мектептің жүрегі- ұстаз” екені белгілі. Оқушылар үшін де болашақтың бағдаршамы ұстаз. Осы орайда ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін жан аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтаймын!" дейді Қ.Хасенов.