Мәзір
3 желтоқсан, 2024 / JariaLike / Күн-Жария

«Тәуелсіздік күнінен кейін». Ақтөбеде шыршаны безендіруге қаржы бөлінбейді

Ақтөбе қаласында соңғы жылдары Жаңа жылдық безендіруге бюджеттен қаржы бөлінбей келеді.

"Тәуелсіздік күнінен кейін". Ақтөбеде шыршаны безендіруге қаржы бөлінбейді "Тәуелсіздік күнінен кейін". Ақтөбеде шыршаны безендіруге қаржы бөлінбейді
gov.kz

Ақтөбе қаласында Жаңа жыл мерекесіне орай безендіру Тәуелсіздік күнінен кейін басталады. Орталық алаңдағы шыршаны құру, безендіруге биыл да қаржы бөлінбейді.

Ақтөбе қаласында соңғы жылдары Жаңа жылдық безендіруге бюджеттен қаржы бөлінбей келеді. Биыл да бұған дейінгі шыршалар мен әшекейлерді пайдаланады. 

"Қаланың басты шыршасы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында орнатылады. Одан басқа екі ауданның аумағында қойылады. Олар: Есет батыр тұрғын алабындағы супермаркет алды, Алтын орда тұрғын алабындағы Жекпе-жек сарайы мен қалалық әкімдік алдындағы Әйтеке би ескерткішінің жаны. Қаланы безендіру 16 желтоқсаннан кейін басталады. Бұдан бөлек қаланың кәсіпкерлері өз есебінен ғимараттары орналасқан аумақтарын Жаңа жылға орай безендіреді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 жылдан бері шырша сатып алуға, безендіруге қаржы бөлмеді. Сол кезде қанша бөлінгенін қазір айта алмаймыз. Бұл 6 жыл өтіп кеткен мемлекеттік сатып алу рәсімі әрі құжаттар мұрағатқа жіберілген",- деді Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова.

 

Көп оқылды: