Мәзір
27 қараша, 2024 / JariaLike / Саясат

Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында Ресей мектептері ашылады

Путин Тоқаевқа орыс тіліне деген ерекше құрметі мен Халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы маңызды бастамасы үшін ризашылық білдірді 

Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында Ресей мектептері ашылады Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында Ресей мектептері ашылады
Ақорда

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекетттік сапары қарсаңында елдегі басылымдардың біріне мақала жариялап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың түрлі қырына тоқталды, деп хабарлайды Jarialike.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Путин елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін көп жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.

Оның сөзінше, Ресейдің жоғары оқу орындарында шамамен 60 мың қазақстандық студент білім алып жатыр. Қазақстанда Мәскеу мемлекеттік университеті (ММУ) сияқты жетекші ресейлік университеттердің филиалдары табысты жұмыс істейді. Жақын арада Астанада Ресейдің Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) филиалы ашылады.

“Ресей Қазақстанда орыс тіліндегі жаңа мектептерді салуға және мектептердегі орыс тіліндегі білім беру сапасын арттыруға қолдау көрсетуде. Жақында Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында тағы үш мектеп ашылады деп отырмыз. Сондай-ақ, біз Қазақстан Республикасының басшылығына, оның ішінде Қасым-Жомарт Кемелұлына орыс тіліне деген ерекше құрметі мен Халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы маңызды бастамасы үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл ұйымның қызметі орыс тілін мемлекетаралық және ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде дамытуға ықпал ететін болады” деді ол “Казахстанская правда” газетіне жариялаған мақаласында.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Известия» газетіне мақала жариялап, «бізбен іргелес жатқан Ресей қалаларында Қазақстан мектептері ашылады деп сенеміз», — деді 

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. 28 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. 

 

Көп оқылды: