Мәзір
8 қаңтар, 2024 / JariaLike / Руханият

«Құлды құл, сатқынды сатқын деп айтатын кезең келді». Тарихшы Жамбыл Артықбаев М.Мағауиннің сұхбатына қатысты ойын айтты

«Құлды құл, сатқынды сатқын деп айтатын кезең келді». Тарихшы Жамбыл Артықбаев М.Мағауиннің сұхбатына қатысты ойын айтты «Құлды құл, сатқынды сатқын деп айтатын кезең келді». Тарихшы Жамбыл Артықбаев М.Мағауиннің сұхбатына қатысты ойын айтты
Ашық дереккөзі

Жақында журналист Ая Өміртай бүгінде Түркияда тұрып жатқан жазушы Мұхтар Мағауиннен сұхбат алған болатын. «Халық үні» порталына жарияланған сұхбат әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Зиялы қауым өкілдері де өз пікірін білдіруде. «Мұхтар Мағауин ағамыздың Айя қарындасыма берген сұхбаты тоғышар, жалпақ шешей қоғамның үстіне лақтырылған бомба сияқты әсер етті-ау деймін.  ФБ- шулап кетіпті, біреу мақтап, біреу даттап жатыр. Бұл жерде Ақселеу ағамыздың "Оны мойындамасақ, бетбақтық болар еді. Мінезі оның өзімен бірге кетеді. Ал жазғандары халықтың игілігі болып қалады. Қазақ тарихына қатысты концептуальді кейбір ойлары тарих институтының да түсіне кірмейді. Оның жазғандарының ішінде жаман нәрсе бар деп айта алмаймын" деген бағасы еске түседі. Біз конформист қоғамбыз, бұл совет үкіметінен алған еншіміз, мен де конформистпін.  Болып жатқан әділетсіздікті, зорлықты, қарлықты,  өтірікті көріп отырып үндемейміз. "Пәледен машайық қашыпты" деп жүре береміз, себебі жамандықпен ұстасамын деп жазып отырған кітабың тоқтап қалады, шығармашылық жұмыс жүрмей қалады т.б.  Әйтпесе, өзге саланы айтпай-ақ қояйын, біздің тарих ғылымы, оқу орындары саласында қаншама проблемалар бар. Әлі советтің шинелімен отыр, оған рушылдық қосылды, ғылымға маман дайындауда блат-сваты бар, халтура, көзбояушылық  бар. Бірақ бір адам осыны айтуы керек, әйтпесе бізді қоғам деп айтуға болмайды. Өзінің  есебін, пендешілігін былай қойып  ауру қоғамның ауруын әділ көрсететін  маман- көсемдері болады.  Біздің қоғамның ауруы бүгін пайда болған жоқ, әріде жатыр. Құлды құл, сатқынды сатқын деп айтатын кезең келді. Құлдардың, сатқындардың  салып берген жолымен жүрсек әлі де жүре береміз. Мұхтар ағамызды осы тұрғыдан қабылдаған жөн, өзім осылай қабылдадым» деп жазыпты өзінің фейсбуктегі парақшасында белгілі тарихшы Жамбыл Артықбаев.

 

Көп оқылды: