Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes Silk Road Tribute Gala салтанатында арнайы марапатқа ие болады. Бұл рәсімде Орталық Азия мен Кавказ елдерінің кино өкілдері Golden Globes тарихында алғаш рет марапатталмақ. Салтанатты кеш 23-24 қазанда Ташкентте өтеді.
24 жастағы актрисаға кино және телевизия саласында танылып келе жатқан жас таланттарға берілетін Golden Globes Beacon Award сыйлығы табысталады.
Шұғыла Ешен «7 қарақшы», «Ғашықпын саған», «Қайтадан» және «Шекер. Последний шанс» фильмдеріндегі рөлдерімен көрерменге танылған. Соңғы туындыдағы рөлі үшін «Киносыншылар таңдауы» сыйлығының «Екінші пландағы үздік актриса» аталымында жеңімпаз атанған.
Актрисамен қатар бұл жолы Гүлчехра Жамилова, Әли Хамраев, Тахмина Рафаэлла, Леван Когуашвили және Самвел Тадевосян да марапатталады.