Астанада қалалық және қала маңы автобустарында жолақы төлеудің сараланған тарифі енгізіледі.
Қалалық автобустарда электрондық төлеммен жол жүру құны 150 теңге, қолма-қол төлеммен 300 теңге болады. Жедел автобустарда бұл тарифтер тиісінше 300 және 400 теңге болып белгіленген.
Қала маңы бағыттарында жолақы қашықтыққа қарай есептеледі: электрондық төлеммен әр километрге – 13 теңге, қолма-қол төлеммен – 19 теңге.
Әлеуметтік маңызы бар бағыттарда жеңілдік картасымен жол жүру тегін. Электрондық төлем жүйесі істен шыққан жағдайда да электрондық төлем жасайтын жолаушылар тегін жүре алады.
Астана әкімдігінің қаулысы 14 қазанда ресми жарияланды. Құжат алғашқы жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.