Мәзір
28 тамыз, 2024 / JariaLike / Руханият

Бұқар жыраудың кесенесі тозып тұр. Бөлекбаев бұл жөнінде біле ме?

Бұқар жыраудың кесенесі тозып тұр. Бөлекбаев бұл жөнінде біле ме? Бұқар жыраудың кесенесі тозып тұр. Бөлекбаев бұл жөнінде біле ме?
Ашық дереккөзі

Әйгілі тұлға Бұқар жыраудың Далба тауының етегіндегі кесенесі тозып тұр.  Бұл туралы Egemen Qazaqstan басылымының тілшісі Мұрат Қапанұлы жазды.  Жыраудың мазарына арнайы барған журналист кесене орналасқан аумақ 30 жылдан бері жөндеу көрмегенін айтады.

«...Кесене басы мен ай­на­ласы көріктендіруді қажет­сі­ніп-ақ тұр. 350 шақырымдай қашықтықты басып өтіп, ба­ба­мыздың кесенесіне келгенде сұр­­қы қашқан аумақты көр­дік. Барлығы көнеріп кеткен, жа­ңартуды қажет етеді. Кесе­ненің орналасқан жері мен мұ­ражай, шырақшылар үйі Қа­рағанды облысының аумағында... Сонау 1993 жылы Кер­нейден кесенеге де­йін асфальтті грей­дер салынған екен. Ұзындығы 70 ша­қы­рымдай жол апа­лар­дың құрақ көрпе­сін­дей қы­рық жамау, ойқы-шойқы. Кейінгі 30 жыл­да күрделі жөндеу­дің бетін көрмегені байқалып-ақ тұр. Ал кесенеге Павлодар облысы жағынан, яғни Баянауыл тұ­сынан апаратын дала жолы тіпті сорақы. Небәрі 30 шақырымдық жолға жол таңдамайтын көліктің өзі бір сағаттан артық жүріп барады. Айналаның көбі сортаң, жаңбыр жауса, қарға адым жер жүрудің өзі мұң», - деп жазады М.Қапанұлы. 

Журналиске сұхбат берген шырақшы Сәбит Мұхановтың айтуынша, жыраудың кесенесін көруге туристер Ресейден, еліміздің әр аймағынан келіп жатыр. Бірақ алыстан ат арытып келетіндер үшін қонақүй салынбаған. 

Айта кетейік, жырау зиратының ел жадынан өшпеуіне Мәшһүр Жүсіп себеп болған. 1927 жылы ол қабірінің басына Баянауылдың гранит тасын қадап кеткен екен. Ал ба­сына жазуы бар тақтайша­ны алғаш орнатқан – Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, руханият жанашыры Нағи Ахметұлы. Өлкетанушы Қайриден Мұзафаровтың айтуынша, 1973 жылы темірге ойылып жа­зылған тақтайшада: «Бұл жер­ге сөз зергері Бұқар жырау Қал­қаманұлы жерленген (1973 жыл)»,-  деп жазылған.

1993 жылы тұр­ғызылған ке­сене қа­зақтың бас­киіміне ұқсатылып жасалған. Бабамыз аңсап өткен үш жүздің бір­лігін сипаттайтын пі­шінде тұрғызылған. Биік­тігі 12 метрлік сәу­лет ғимараты мәр­мәр­дан өрілген. Сұрқы қашқан жырау кесенесі мемлекет та­рапынан кешенді қамқорлықты қажет етеді. Қарағанды облыстық әкімдігі Бұқар жырау мазарының жай-күйін назарға  алуға тиіс.  

Фото: akwatoria.ru  

Көп оқылды: