Мәзір
Бүгін, 05:08 / JariaLike / Кітапхана

«Педро Парамо» қалай дүниеге келді? Әуелде романда 300 бет болған

Әлем әдебиетінің ең ықпалды романдарының бірі саналатын «Педро Парамо» алғашында мүлде басқа шығарма болған. Хуан Рульфо бірнеше жыл бойы мәтінді қайта жазып, жүздеген бетін қысқартып, соңында небәрі 124–130 беттен тұратын роман қалдырды.

«Педро Парамо» қалай дүниеге келді? Әуелде романда 300 бет болған «Педро Парамо» қалай дүниеге келді? Әуелде романда 300 бет болған
ЖИ көмегімен жасалған

«Педро Парамо» – бірден жазылып шыққан шығарма емес. Хуан Рульфо романды шамамен он жылға жуық уақыт ой елегінен өткізіп, мәтінмен қайта-қайта жұмыс істеген. Алғашқы нұсқасының атауы «Los Murmullos» («Сыбырлар») болған. Кейін жазушы романның құрылымын түбегейлі өзгертіп, атауын «Pedro Páramo» деп ауыстырады.

Ең қызығы – қолжазбаның бастапқы көлемі шамамен 300 бетке жуық болған. Рульфо шығарманы өңдеу барысында мәтіннің жартысынан көбін қысқартып тастайды. Ол қажетсіз деп тапқан эпизодтарды, ұзақ сипаттамаларды, түсіндірмелерді түгел алып тастап, романды ықшам әрі көпмағыналы формаға жеткізеді. Соның нәтижесінде бүгін біз білетін небәрі 124–130 бет көлеміндегі шығарма дүниеге келді. Әдебиеттанушылар дәл осы редакторлық батылдықты романның көркемдік қуатын еселеген шешім деп бағалайды.

Рульфоның өзі: «Роман оқырманға бәрін түсіндіріп бермеуі керек» деген ұстанымды берік ұстанған. Сондықтан «Педро Парамода» уақыт бірде алға, бірде артқа жылжиды, тірілер мен өлілердің дауысы араласып кетеді, ал кейіпкерлердің кім екені бірден ашылмайды. Бұл тәсіл кейін Латын Америкасы әдебиетінің көптеген жазушыларына ықпал етті.

1961 жылы шығармашылық тоқырауды бастан кешіп жүрген Габриэль Гарсиа Маркеске ақын Альваро Мутис осы романды оқуға береді. Кейін Маркес бұл кітапты бір деммен оқып шыққанын, артынан қайта-қайта оқып, романның тұтас беттерін жаттап алғанын жазады. Тіпті ол Рульфомен танысқанға дейін жазған дүниелері мен кейінгі шығармашылығының арасында үлкен айырмашылық бар екенін мойындаған.

Көп оқылды: