Мәзір
20 мамыр, 2024 / JariaLike / Саясат

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты
Ашық дереккөзі

Иран президенті Ибрахим Раисидің  тікұшақ апатынан қаза тапқаны белгілі болды. Ол отырған әуе көлігі  бортындағы  барлық адам көз жұмған.

Иран президенті мінген тікұшақ 19 мамырда апатқа ұшырады. Бортта президенттен басқа бірнеше шенеунік болды: Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан, Иранның Шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Табриз провинциясының аятолласы Али Хашим.

Иран президенті Әзірбайжанға ресми сапарынан кейін еліне қайтып бара жатқан. Онда ел басшылары Иран-Әзербайжан шекарасында бөгет ашты. Президент кортежінде барлығы үш тікұшақ ұшты. Қалған екеуінде Энергетика министрі мен Жол және қала құрылысы министрлігінің басшысы болды. Олар діттеген жеріне аман-есен жетті.

Бүгін таңертең апатқа ұшыраған тікұшаққа құтқарушылардың жеткені белгілі болды. Ол Иранның солтүстік-батысындағы таулы аймақта, Әзірбайжан және Түркиямен шекаралас жерде табылған.
Апат кезінде ұшақ толық жанып кеткен.

Фото: Majid Asgaripour /West Asia News Agency/ REUTERS 

Көп оқылды: