Осы жағдайға қатысты белгілі кәсіпкер Райымбек Баталов пікір білдіріп, видео жариялады.
" Мен Бишімбаев соты туралы соңына дейін ешқандай пікір білдіргім келмеп еді. Бірақ менің атыма тағылған айып пікір білдіруге мәжбүрлеп отыр. Менің атыма тағылған қылмыстық айып толықтай жалған. Барша бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлер жалған ақпарат таратпаса деймін . Нүкеновтар отбасына көңіл айтамын" ,- деді ол.