Мәзір
20 ақпан, 2024 / JariaLike / Саясат

«Үш жоғары білімі бар». Жаңа Семей ауданының жаңа әкімі туралы не білеміз?

"Үш жоғары білімі бар". Жаңа Семей ауданының жаңа әкімі туралы не білеміз? "Үш жоғары білімі бар". Жаңа Семей ауданының жаңа әкімі туралы не білеміз?
Ашық дереккөзі


 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Абай облысында жаңа екі аудан құрылған болатын. Соның бірі - орталығы Семей қаласында орналасатын Жаңасемей ауданы.
 
Кеше Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев аудан активіне Жаңасемей ауданының әкімі лауазымына тағындалған Руслан Ерланұлы Базарбаевты таныстырды.
Руслан Ерланұлы – осы өңірдің тумасы, Семей қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.
 «Мемлекеттік қызметтегі тәжірбиесі мен білімі жеткілікті, жас та болса бас бола білген азамат. Сондықтан артылған сенімді ақтап, Жаңасемей ауданының жұртшылығымен бірлесе отырып, осы ауданның одан әрі дамып, гүлденуіне бар күш-жігерін салып, аянбай қызмет етеді деп сенемін. Оған өздеріңіздің қолдауларыңыз қажет» деді облыс әкімі.
 
Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді. «Қазтехнология» АҚ бас менеджері. Сондай - ақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінде қызмет атқарды. 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы болып жұмыс істеді. Қазіргі лауазымға дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары болған.

Көп оқылды: