Қазақстанның баскетбол құрамасы Орталық Азия атынан өнер көрсетеді.
Қазақстанның U18 қыздар баскетбол құрамасы Азия кубогына жолдама алып, Орталық Азия атынан өнер көрсетеді.
Астанада әйелдер құрамалары (U18) арасында баскетболдан Азия кубогына іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды Jarialike.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Орталық Азиядан жасөспірім қыздар арасындағы Азия кубогына (U18) берілетін жалғыз жолдаманы елорда алаңында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары сарапқа салды.
Ойын қорытындысы бойынша турнир жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасы 2026 жылдың қыркүйегінде Таиландта өтетін FIBA U18 Women’s Asia Cup жарысында Орталық Азия өңірінің атынан қатысу құқығына ие болды.
Турнирдің ең құнды ойыншысы (MVP) болып Шахида Ерлан танылды.
Бұған дейін Қазақстанның ересектер әйелдер бокс құрамасының екі өкілі Азия чемпионатының алғашқы күні жеңіліс тапқан болатын.