Күн-Жария

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «27 наурыз – Халықаралық театр күні» мерекесіне орай, 21-27 наурыз күндері аралығында дәстүрлі «Қаллеки тынысы» атты спектакльдер шеруі өтті.

«Қаллеки тынысы» – елорда көрермендерін театр өнерінің таңдаулы үлгілерімен қауыштыратын ерекше мәдени алаң.

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «27 наурыз – Халықаралық театр күні» мерекесіне орай, 21-27 наурыз күндері аралығында дәстүрлі «Қаллеки тынысы» атты спектакльдер шеруі өтті.

«Қаллеки тынысы» – елорда көрермендерін театр өнерінің таңдаулы үлгілерімен қауыштыратын ерекше мәдени алаң. Бұл шеру арқылы көрермендер тек қойылым тамашалап қана қоймай, театр әлемінің терең мазмұнына үңіліп, рухани байып, эстетикалық талғамын жетілдіреді. Аталмыш шара ұлттық театр өнерінің өркендеуіне, оның қоғамдағы маңызын арттыруға және мәдени мұраны жаңа қырынан танытуға зор үлес қосады.

Шеру аясында театр сарапшылары мен көрермен назарына 2025 жылдың наурыз айы мен 2026 жылдың наурыз айы аралығында жарық көрген премьералар көрсетілді:

21 наурыз күні - Ж.Әлікеннің «Жүрек сыры. Махаббатым сен…» драмасы,

22 наурыз күні - Б.Брехттің «Шеңбер» драмасы,

23 наурыз күні - Ә.Кекілбаевтың «Күй» драмасы,

24 наурыз күні - Л.Толстойдың «Анна Каренина» романының негізі бойынша қойылған «Анна Каренина. Роман парақтары» хореодрамасы,

25 наурыз күні - У.Шекспирдің синема-эпос жанрында сахналанған «Romeo & Juliet» спектаклі,

26 наурыз күні - Д.Исабековтың «Қазақи комедия немесе Бонапарттың үйленуі» комедиясы және М.Жұмабаевтың  «Шолпанның күнәсі» драмасы.

«Қаллеки тынысы» үздіктерін анықтайтын сарапшылар еліміздің Астана мен Алматы қалаларын қамтитын кәсіби маманнан құралған. «Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруінің САРАПШЫЛАР АЛҚАСЫ:

Меруерт Болатқанқызы Жақсылықова – Сарапшылар алқасының төрайымы, театртанушы, өнертану кандидаты, профессор

Анар Талғатқызы Жүнісова – Продюсер, сценарист, UNICO PLAY компаниясының бас продюсері

Болат Сейтмолдаұлы Абдрахманов — режиссер, педагог, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

«Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруіне арнайы шақырылған құрметті қонақтарымызбен таныс болыңыздар!

Жайна Көптілеуқызы Абдиева – Продюсер, кастинг-директор, режиссер  («Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Рэкетир 2,3», «Томирис» және т.б)

Дана Ирсаиенқызы Мутурганова – продюсер («Игроманка», «Тренер аға», «ИТ», «Ева. Батыр-қыз», «Мосты»)

Қорытынды 27 наурыз – Халықаралық театр күнінде жарияланды.  «Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруінің қорытындысы бойынша cарапшылар шешімімен «Театр тарланы» - Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов, «Үздік актер» - Жанат Оспанов (Л.Толстой “Анна Каренина.Роман парақтары” хореодрамасындағы Алексей Каренин, М.Жұмабаев “Шолпанның күнәсі” драмасындағы Сәрсенбай рөлдері үшін) , «Үздік актриса» - Айкөркем Тұранова (Б.Брехт “Шеңбер” драмасындағы Груше Вахнадзе рөлі үшін), «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» - Ұлан Қабыл (У.Шекспир “Romeo & Juliet” спектакліндегі Меркуцио, Д.Исабеков “Қазақы комедия немесе Бонапарттың үйленуі” - Испанәлі рөлдері үшін), «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» - Ботагөз Мақсұтова ((У.Шекспир “Romeo & Juliet” спектакліндегі Сүт Ана рөлі үшін), «Үміт» (Л.Толстой “Анна Каренина.Роман парақтары” хореодрамасындағы Алексей Вронский, Б.Брехт “Шеңбер” драмасындағы Симон Хахава рөлдері үшін) номинацияларымен марапатталды. Және «Сарапшылпар алқасының арнайы жүлдесі» Айнұр Жетпісбаеваға (Ж.Әлікен “Жүрек сыры.Махаббатым сен…”спектакліндегі Бибі рөлі үшін)  табысталды.

 

 

Сонымен қатар көрермен таңдауы бойынша «Үздік Актер» - Жанат Оспанов, «Үздік Актриса» - Инабат Әбенова марапатталды.  Сондай-ақ Кекілбаевтар әулеті атынан Арнайы сыйлық Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязовқа , Қазақстанның Халық артисі, Режиссер Талғат Теменовтың  Арнайы сыйлығы Ақмарал Танабаеваға, Белгілі дизайнер Жадыра Сахиеваның Арнайы сыйлығы  Арай Омароваға,  Ералы Тоғжанов атынан Арнайы сыйлық Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл мен Марғұлан Наменовке табысталды.