Атыраудағы трагедия: Бір отбасыны қырып тастады деп күдікке ілінген Сұлтан мен Ақбаян елге жеткізілді
Үйдің маңындағы қорадан ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылған
Атырау облысында екі адамды өлтірді деген күдікке ілінгендер Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Индонезия аумағында қолға түскен Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырау қаласына жеткізілген. Мәліметтерге қарағанда, олар 9 наурыз күні Алматыдан ұшып келген рейспен елге әкелінген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысының Жангелдин ауылында ерлі-зайыпты мен олардың екі ересек баласы бар отбасының жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.
Кейінірек, 6 қаңтар күні қайғылы жағдай белгілі болды. Үйдің маңындағы қорадан ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылған.
Сондай-ақ бұған дейін күдіктілердің бірнеше суреті жарияланған еді.