Израиль Ирандағы жанармай қоймаларына соққы жасады
Израиль армиясының өкілдері операциялардың жалғасуы мүмкін екенін айтып, алдағы уақытта жаңа шабуылдар жасалуы ықтимал екенін ескертті
Израиль армиясы Иран астанасы Тегеранда бірнеше жанармай сақтау нысанына соққы жасалғанын хабарлады, деп жазады Анадолы.
Әскери ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, соққы жасалған ирандық нысандар әскери инфрақұрылымды күшейту мен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылған. Сондай-ақ бұл объектілер арқылы әскери ұйымдарға жанармай таратылғаны, ал жасалған соққы Тегеран әкімшілігін әлсіреткені мәлімделді.
Израиль армиясының өкілдері операциялардың жалғасуы мүмкін екенін айтып, алдағы уақытта жаңа шабуылдар жасалуы ықтимал екенін ескертті.
Сонымен қатар Израильдің мемлекеттік телерадио компаниясы KAN Израиль қарулы күштерінің нысанасы Тегерандағы мұнай сақтау қоймалары мен мұнай өңдеу зауыттары болғанын хабарлады. Бұған жауап ретінде Ислам революциясы саұшылар корпусы Иранның солтүстігіндегі Хайфа қаласындағы мұнай өңдеу зауытына соққы жасағанын мәлімдеді, — делінген хабарламада.
Бұған дейін АҚШ президенті Donald Trump Иранға қарсы өте күшті шабуыл жасалуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.