Атақты футболшы чемпиондар лигасынан шығып қалды
Лондонның «Арсенал» командасының жартылай қорғаушысы испаниялық Микель Мерино Манчестер Юнайтедке қарсы ойында оң аяғын жарақаттап алған. Енді ол ұзақ уақыт алаңға шықпайды.
Ол қазір отаға дайындалып жатыр. Кейін ұзақ уақыт ем-дом жасап, күтіну қажет. Мерино – Испания құрамасының маңызды ойыншысы. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы, Германияға қарсы ойында ширек финалда қосымша берілген уақытта шешуші гол соққан футболшы.
Қазіргі таңда «Арсенал» чемпиондар лигасының 2025-2026 жылғы турнирінде көш бастап тұр: 8 матч – 8 жеңіс, есеп 23:4, барлығы 24 ұпай. Соңғы матчта олар Алматының «Қайрат» командасын 3:2 есебімен жеңді. Гол соққандар: Виктор Дьёкереш, Кай Хаверц және Габриел Мартинелли.