Күн-Жария

Әкесін ұрып-соққан ер адам. Прокуратура апелляциялық наразылық келтірді

Наразылық заңда белгіленген мерзімдерде сотта қаралатын болады

Түркістан облысында Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады. 

Сот үкімімен келіспеген Шардара ауданының прокуратурасы жазаны қатаңдату туралы өтінішхатпен апелляциялық наразылық келтірді.

Наразылық заңда белгіленген мерзімдерде сотта қаралатын болады.