Күн-Жария

Ұлттық құрылтайдағы рухани-өнегелік ұстанымдар

Президенттің сөзінде Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында қоғамдағы әлеуметтік-саяси, экономикалық және мемлекеттік басқару бағыттар бойынша көптеген маңызды мәселелерді жариялады.

Мемлекет пен қоғамның әлеуметтік құндылықтары жайында бірқатар маңызды тақырыптар шеңберінде пікірлері мен ұстанымдар бұқараға жарияланды. Мемлекет басшысы ұлт руханиятының тұғыры мен тарихи-мәдени болмысындағы тұлғалардың танымды өнегелік мұраларын дәріптеуді ұсынды. Президенттің сөзінде Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс. Оның ой-толғамдары қанша заман өтсе де өзекті болып қала береді. Қазіргі «Адал азамат тұжырымдамасы ұлы ойшылдың «Толық адам» идеясымен тығыз астасып жатыр. Біз Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек. Әл-Фараби, Ясауи ілімдері де ұлт руханиятының ұстыны саналады - деген салихалы пікірлер жарияланды.

Осыған орай, аталған тұлғалардың рухани мұрасын дәріптеу тек Қазақстандық құндылықтар идеясы ғана емес Орталық-Азия мен алыс-жақын түркілік дүниетанымды дәріптеудің маңызды қадамдары.

Нұрмұхаммед Мейманхожа, ФСДИ Дінтанулық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері