Мәзір
23 қаңтар, 2026 / JariaLike / Күн-Жария

«Костюмін жыртып, кабинеттен қуып шықты»: Серік Сәпиевті орынбасары сабап тастаған

Сәпиев арыз жазған

"Костюмін жыртып, кабинеттен қуып шықты": Серік Сәпиевті орынбасары сабап тастаған "Костюмін жыртып, кабинеттен қуып шықты": Серік Сәпиевті орынбасары сабап тастаған
видеодан скрин

Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов төбелесіп қалған. Осы факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады Jarialike.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.  

Редакциямызға облыстың полиция департаменті мәлім еткендей, Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғыны таяқ жегені туралы арыз жазған.

«Анықталғандай, 21 қаңтар күні Қарағандыдағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам төбелесіп қалған. Қаланың 42 жастағы тұрғыны соққыға жығылғаны туралы  арыз жазған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бұл лауазымға 2024 жылдың қарашасында келген болатын.

Көп оқылды: