Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты нашақорлық пен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуде. Қатысушылар, соның ішінде ПИК, МИБ және мердігерлік ұйымдардың өкілдері ауданның негізгі өзекті мәселелерін талқылады.
Басты назар нашақорлық пен оның зардаптары туралы халықтың хабардарлығын арттыруға аударылды. Сондай-ақ өтінім беру процесін жеңілдететін «Smart Astana» платформасы ұсынылды.
Сонымен қатар, интернет-алаяқтық мәселелері талқыланып, азаматтарды алаяқтық әдістері мен қауіпсіз технологиялар туралы ақпараттандыру шаралары ұсынылды.
Кездесу ынтымақтастықты нығайтуға және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Жиналысқа «Алматы» ауданының ПИК/МИБ және қызмет көрсету ұйымдары шақырылады. Спикерлер ретінде Астана қаласы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Басқармасы бөлімінің бастығы полиция полковнигі Сергей Сергеевич Ильиных пен Пустовойтенко Виталий Васильевич – Елорданың тұрақты даму орталығы директорының орынбасары қатысып, пікірін жеткізді.
Фото: Астана қаласы әкімдігі