Күн-Жария

Атырауда мәйіті табылған жандар. Сұлтанның әкесі "кәсіби маньяктың ісі" деп отыр

Төбеден түскендей, айтатын сөз де жоқ", – деді күдіктінің әкесі

Атырау облысындағы резонанс тудырған қылмыстық іске қатысты күдікті ретінде аталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі алғаш рет пікір білдірді. "Qazaq airan" тілшісі Айдана Мейрамбайқызы Жангелдин ауылында болып, күдіктінің әкесімен сұхбаттасты, деп хабарлайды Jarialike.kz Arasha.kz cайтына сілтеме жасап.  

Күдіктінің әкесі Самиғолла Сәрсемәліұлы әлеуметтік желі мен ақпарат кеңістігінде ұлына қатысты айтылып жатқан пікірлерге наразылығын білдірді. Оның айтуынша, қоғамда Сұлтанды кінәлаған түрлі әңгіме көбейіп кеткен.

"Қазір телефонды ашып қаслаңыз, стрелканың бәрін бір жаққа бұрып қойып, менің балама қатысты адамдардың айтпаған сөзі қалмады. "Күйеу баласы жасаған", анау-мынау деп жатыр. Шынымды айтсам, мұны Сұлтан жасайды деген үш ұйықтасам түсіме кірмейді. Ол жасамағанына 100% сенемін. "Қой бауыздау білмейтін кісі, соған дәті бармайтын адам мұндайға қалай барады?" деп ойлаймын. Бұл деген кәсіби маняктың жасайтың ісі ғой. Өлтіріп, көміп, ізін жасыру деген... Ол марқұмдарға өшпенді болатын көшедегі кісі емес, туған ата-енесі. Мысалы, қасында әйелі жүр. Осыдан кейін айтылып жатқан әңгімелерге қалай сенесің? Оның үстіне, мен оның әкесі болсам. Тіпті төбеден түскендей, айтатын сөз де жоқ", – деп күдіктінің әкесі Самиғолла Сәрсемәліұлының сөзін келтіреді Turkystan.kz басылымы.