"Рэкетир" жұлдызы, актер Мұрат Бисембин өмірден өтті
Бұған дейін Мұрат Бисембиннің қатерлі ісікке шалдыққаны жайлы айтылған.
"Рэкетир" жұлдызы, актер Мұрат Бисембин қайтыс болды, деп хабарлайды Jarialike.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаралы хабарды актердің қызы жеткізді. Қызының сөзінше, актер 8 қаңтарда дүние салған.
Естеріңізде болса, бұған дейін Мұрат Бисембиннің қатерлі ісікке шалдыққаны жайлы жазған болатынбыз.
Тележурналист Динара Сәтжанға берген сұқбатында ол дер кезінде денсаулығына көңіл бөлмегеніне өкінетінін айтқан.
Актер түскен “Рэкетир” фильмі 2000 жылдардың басында танымалдылыққа ие болды. Туынды тоқсаныншы жылдары криминалдық топтарда болған жігіттердің өмірін арқау еткен.