Күн-Жария

Астанада жаңа жыл түні «Аяз атамен» қоса 11 адам лифтте қамалып қалған

Лифт 3-қабаттан төмен қарай түсіп екінші қабат пен бірінші қабат аралығында тоқтап қалған

Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмекке келді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Түнде Сарайшық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 11 адам, оның ішінде 5 бала лифт ішінде қамалып қалды.

— Лифт 3-қабаттан төмен қарай түсіп екінші қабат пен бірінші қабат аралығында тоқтап қалған. Шақырту орнына келген құтқарушылар лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады, — делінген хабарламада.

ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз келесі ережелерді еске салады:

өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
диспетчерге хабарласыңыз;
барлық түймені қатарынан баспаңыз;
лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.