Әлеумет

Қызылорда өңірі өркендеп келеді

Қызылорда облысында қарқынды даму байқалады. 

Қызылорда облысында қарқынды даму байқалады. 
Шиелі ауданында бірқатар нысаналар ашылды. Бір күнде Дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Бестам ауылында 150 орындық клубтың ашылу рәсімі өтті. 

«Президентіміздің Сыр өңірінің даму қарқынына, атқарған жұмысымызға берген оң бағасы бәріміз үшін зор мәртебе. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына кіріскеннен кейінгі ең алғашқы қол қойған Жарлығы «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» болды.

Ауылдарды дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі. Президентіміз Үкімет пен облыс әкімдеріне мемлекет тарапынан жасалған барлық қолдауды тиімді, мақсатты пайдаланып, ауыл халқының табысын арттыру, экономикасын жоғары көрсеткіштерге жеткізу міндетін қойды. Бүгінде облыстың 447 мың тұрғыны (халық саны 845 мың адам), яғни 53 пайызы ауылда тұрады.

Осы жылы Шиелі ауданының бюджеті 17 млрд. теңгеден асты. Энергетика, ауыз су, газдандыру салаларында  жүйелі жұмыс жүргізілуде. Шиелі электр жүйесінің қосалқы станциясы 4 млрд. 480 млн. теңгеге толықтай жаңғыртылды. Осындай байыпты бастамалардың жалғасы ретінде бүгін Бестам ауылындағы 429 млн. теңгеге салынған 150 орындық жаңа клубты ел игілігіне беруге жиналдық.
Ауылдық клуб мәдени жаңғырудың орталығына айналсын! Қуаныштарыңыз құтты болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жалпы іс-шаралар соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлер мен жаңа нысанды салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.