«QazMed Volunteers» еріктілері қан тапсыру акциясын ұйымдастырды
Акцияның мақсаты — қоғамда қан донорлығы мәдениетін дамыту
Астана қаласында Қан орталығы мен Астана медицина университетінің қолдауымен маңызды әлеуметтік акция өтті.
"Өмір тамшысы" шағын гранттар аясында өткен бұл іс-шара барысында 89 ерікті қан тапсырып, жалпы көлемі 31,5 литр қан жиналды. Бұл игі бастама - «QazMed Volunteers» еріктілер ұйымымен бірлесе жүзеге асқан жоба.
Акцияның мақсаты — қоғамда қан донорлығы мәдениетін дамыту, сондай-ақ жастар арасында еріктілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттау болды. Қан тапсыру - адам өмірін құтқаруға бағытталған ең ізгі істердің бірі. Мұндай шаралар арқылы жастар өз жауапкершілігін сезініп, қоғамға нақты үлес қосады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да осындай қайырымдылық бағытындағы жобалар жалғасын табады.