Күн-Жария

Жазушы, журналист Еркін Жаппасұлы өмірден өтті

Ол қазақ сатирасында өз қолтаңбасын қалдырды

Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Еркін Жаппасұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Еркін Жаппасұлы – қазақ сатирасында өз қолтаңбасын қалдырып, қоғамның күлкі мен шындық тоғысқан қырларын терең бейнелеген бедерлі қаламгер еді.

Ол қазақ әдебиетінің, баспасөзінің дамуына елеулі үлес қосып, өзінің кәсібилігімен, ұлт руханиятына жанашырлығымен ерекшеленді.