Күн-Жария

«Халықтың арқасында көтерілдіңіз»: композитор Сәкен Майғазиевке ауыр-ауыр сөз айтты

Біраз уақыттан кейін ән не болды екен, аранжировка жасатты ма екен, білейін деп, ватсабына жаздым

Композитор Арысбек Бағдәулетұлы жайлы видео жариялап, ауыр сөз айтқаны үшін әнші Сәкен Майғазиевтен кешірім сұрады, деп хабарлайды Jarialike.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Арысбек Бағдәулетұлының айтуынша, мәселенің байыбына жетпей, ауыр сөздер айтып, әнші ағасын ренжітіп ала жаздаған.

«Сәкен Майғазиевтен ондайды күтпедім! Сәкен ағаға бір ән бердім. Біраз уақыттан кейін ән не болды екен, аранжировка жасатты ма екен, білейін деп, ватсабына жаздым. Он шақты рет жазған шығармын. Оқиды да, жауап бермейді. Содан бір күні қызбаланып, «жұлдыз екеніңіз белгілі, әрине халықтың арқасында көтерілдіңіз, Ассалаумағалейкум деген Алланың нұры жаусын деген сөз ғой» деп қатты кеттім. Сол кезде Сәкен Майғазиев өзінің биігінен түскен жоқ. Өте орынсыз айтып тұрмын ғой. «Қоя қойшы, айналайын! Әрі кетші!» деуіне болар еді. Бірақ ол өйткен жоқ. «Арыстай, сен басқа нөмірмен жазып тұрсың ғой, мен білмеймін ғой, өздерің де нөмір ауыстыра бересіңдер. Қайдан білейін, күніне қаншама адам жазады» деді», - деп еске алды композитор.

Ол орынсыз айтқан сөзі үшін кешірім сұрауды да ұмытпады.

«Аға, егер видеомды көріп отырсаңыз, сізден кешірім сұраймын. Арыстайыңыздан сізге бір ән болады», - деп кәнәсін жуып-шайды Арысбек Бағдәулетұлы.

Артынша Сәкен Майғазиев жауап қатып, інісінің оғаш әрекетін кешіргенін смайлик арқылы білдірді.