Баян Алагөзова қатты сырқаттанып қалды
Он күн орнынан тұра алмапты
Белгілі продюсер Баян Алагөзова соңғы уақытта әлеуметтік желіде көрінбей кетуінің себебін айтты. Бұл туралы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап Jarialike.kz хабарлайды.
Оның айтуынша, шетелден демалыстан оралған соң өзін жайсыз сезініп, коронавирус жұқтырып алған. Алагөзова он күн бойы төсек тартып жатып қалғанын жеткізді.
Достар, біраз уақыт бойы эфирден көрінбей кеттім. Сағынғандарыңызды білемін. Өкінішке қарай, коронавируспен ауырдым. Он күн орнымнан тұра алмадым. Абай болыңыздар, вирус әлі де бар. Шынымды айтсам, бірінші рет дәл осылай қатты сырқаттанғандым. Белгісіз бір түріне ұқсайды. Өте қиын өтті. Бәріміз ауырдық. Түркияда емделуге де тура келді. Әлі де әлсіздік бар, – деді продюсер.
Сонымен қатар ол бұдан былай түсірілімдерге қайта оралғанын, жұмыстың қауырт екенін айтты.