Мәзір
24 шілде, 2025 / JariaLike / Аймақ

Қызылорда: жұмысшы мамандықтарды дәріптейтін республикалық слет өтті

Ауқымды жиынға республиканың бірнеше өңірінен, сондай-ақ Қызылорданың барлық аудандары мен қалаларынан 100-ден астам жас жұмысшы қатысты

Қызылорда: жұмысшы мамандықтарды дәріптейтін республикалық слет өтті Қызылорда: жұмысшы мамандықтарды дәріптейтін республикалық слет өтті
Gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Осы бастама аясында еліміздің барлық өңірінде жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – Қызылордада өткен республикалық жұмысшы жас мамандар слеті.

Ауқымды жиынға республиканың бірнеше өңірінен, сондай-ақ Қызылорданың барлық аудандары мен қалаларынан 100-ден астам жас жұмысшы қатысты. Пленарлық отырыста облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, жастарға көрсетіліп жатқан қолдау мен кадр даярлау жүйесіндегі жаңашыл жобалар туралы баяндады.

Қазіргі таңда аймақтағы 28 колледждің 19-ында 45 мамандық бойынша жұмысшы кадрлар даярланып, 4 890 студент техникалық және кәсіптік білім алып жатыр. Сонымен қатар, Түркия, Германия, Польша секілді елдердің оқу орындарымен 161 меморандум жасалған.

Слет аясында жастар түрлі өндірістік орындарды аралап, заманауи оқу орындарының мүмкіндіктерімен танысты. Жиын барысында Қызылорда облысы жұмысшы жас мамандарының ассоциациясын құру туралы бастама көтеріліп, қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Слет соңында аймақтың дамуына үлес қосып жүрген белсенді жастар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 25 шілдеде қатысушылар Байқоңыр қаласына барып, ғарыш айлағын және тарихи музейлерді араламақ.

Көп оқылды: