Мәзір
8 шілде, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Қызылордада Қазақстанның Ұлттық Урбан форумы — 2025 өтіп жатыр

Бұл — қалалардың болашағын жоспарлап, жаңа даму парадигмаларын ұсынатын мамандар үшін аса маңызды оқиға

Қызылордада Қазақстанның Ұлттық Урбан форумы — 2025 өтіп жатыр Қызылордада Қазақстанның Ұлттық Урбан форумы — 2025 өтіп жатыр
Қызылорда облысының әкімдігі

Өңірлер орталығынан – шешімдер орталығына: Қазақстанның бірінші Урбан форумы Қызылордада өтіп жатыр,-деп хабарлайды Jarialike.kz.  

Қызылорда бүгін ұлттық ауқымдағы маңызды алаңға айналды. Мұнда алғаш рет Қазақстанның Ұлттық Урбан форумы — 2025 өтіп жатыр. Бұл — қалалардың болашағын жоспарлап, жаңа даму парадигмаларын ұсынатын мамандар үшін аса маңызды оқиға.

Іс-шара Қызылорда облысы әкімдігінің, БҰҰ-ның UN-Habitat бағдарламасының және бірқатар серіктестердің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Бұл — жай ғана форум емес, жаңа дәстүрдің бастауы. Қазақстан UN-Habitat аясындағы жаһандық урбанистік қозғалысқа қосылып, нақты өзгерістерді іске асыруға бет алды. Біз болашақ қалалар туралы ғана емес, оны осы жерде және дәл қазір қалыптастырып жатырмыз», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Форумның миссиясы:

Қазақстан қалаларын дамытуда тұрақты шешімдер жүйесін құру. Бұл жүйе үш деңгейге негізделген:

Әлемдік – UN-Habitat қамқорлығындағы жаһандық форумдарға қатысу арқылы;

Аймақтық – шетелдік тәжірибе алмасу арқылы;

Ұлттық – ел ішіндегі қалалар мен қауымдастықтар арасында өзара диалог құру арқылы.

Негізгі тақырып:

«Өңірлерден бастау алатын кешенді қалалық қайта құру: Қазақстандағы теңгерімді, инклюзивті және климаттық өзгерістерге төзімді қалаларды қалыптастыру»

Қатысушылар мынадай мәселелерді талқылап жатыр:

Жаңа қалалық күн тәртібі (New Urban Agenda) мен Орнықты даму мақсаттары (ЦУР) аясындағы стратегиялар;

Қала мен ауыл арасындағы байланысты күшейту;

Климаттық бейімділік және жасыл инфрақұрылым;

Жастардың урбанистикадағы рөлі;

Қалаларды басқарудағы цифрлық тәсілдер.

Қызылорда секілді шағын қалалардың ұлттық даму стратегиясындағы орны мен қалалық бірегейлікті қалыптастырудағы маңызы да форум талқысының негізгі өзегіне айналды.

«Жаңа урбанистік күн тәртібі — Қазақстанның қала дамуының ұлттық бағытын жүйелеуге негіз болады. Ол аймақтар, сарапшылар және үкімет арасындағы үйлестіру тетіктерін жолға қойып, әр азаматтың — белсендіден бастап әкімге дейін — қаланың дамуына қатысуына мүмкіндік береді», — деді UN-Habitat өкілдері.

Құрметті қонақтар қатарында:

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев,

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин,

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков,

UN-Habitat атқарушы директорының міндетін атқарушы Рафаэль Тутс,

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча бар.

Панельдік сессияларда сөз алған халықаралық сарапшылар:

Гарри Доббс (Harry Dobbs Design);

Риккардо Марини (Marini Urbanismo);

Юрий Милевский (NOVAYA Labs);

Мария Скрябина (База 14) және басқалар.

«Урбанизация — тек сәулет қана емес, бұл — адамдар туралы. Біз өзіміз өмір сүргіміз келетін қалаларды саламыз. Ал Қызылорда бұл үдеріске көшбасшылық ете алатынын дәлелдеді», — деп түйіндеді қатысушылар.

Айта кетейік, бұл форум — Польша, Әзербайжан және Грузия секілді елдерде өткізілетін UN-Habitat халықаралық форматының құрамдас бөлігі.

Көп оқылды: