Күн-Жария

Семейдегі көпірдің тігісінің ашылуына не себеп?

Семейдегі аспалы көпірде пайда болған саңылауды арнайы мамандар тексереді. Ақаудың бары дәлелденсе жобалық сметалық құжатқа енгізіледі. Қалалық жолаушылар көлігі бөліміндегілер осылай деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, көлік өткеліне ешқандай қауіп жоқ. Күнделікті бақыланып отыр. "Деформациялық тігістердің ашылуы бұл ауа райының күрт төмендеуіне байланысты болды. Бұл - қалыпты жағдай.  Қазіргі уақытта көпірдің конструкциясына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Алматы қаласынан мамандар шақырылды. Олар 20 ақпан күні толық тексеріс жүргізетін болады" дейді Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әділбек Увасилов. 

Естеріңізге сала кетейік, 16 ақпанда шаһарда аяз 29 градусқа  жеткенде көпірдің екі бөлігінде көлемі 70 милиметр сызат көзге түскен еді.