Мәзір
11 шілде, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Білім беру грантына өтінім беру 13 шілдеде басталады

Талапкерлер өтінімді eGov.kz арқылы бере алады.

Білім беру грантына өтінім беру 13 шілдеде басталады Білім беру грантына өтінім беру 13 шілдеде басталады

Талапкерлер өтінімді eGov.kz арқылы бере алады. Ол үшін үшін талапкерлер алдын ала бірқатар құжатты дайындау қажет. Өтінімге білім туралы құжат (аттестат немесе диплом), 3х4 форматындағы фотосурет, сондай-ақ қажет болған жағдайда дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бірге ұсынылуы керек. 

Қабылдау уақыты 13 шілде күні сағат 09:00-де басталып, 20 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады. Қызметке сәтті қол жеткізу үшін өтінім бермей тұрып браузер бетін жаппау немесе жаңартпау маңызды. 

Егер талапкерге білім беру гранты тағайындалса, электронды форматта куәлік беріледі. Бұл құжат 2025 жылғы 5 тамыздан кешіктірілмей eGov.kz порталындағы жеке кабинетте қолжетімді болады.

Көп оқылды: