Израиль Иранмен арадағы атысты тоқтатты
Тель-Авив АҚШ президенті Дональд Трамппен келісе отырып, атысты тоқтату туралы шешімге келген
Израиль Иранмен арада атыстың тоқтағанын мәлім етті, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңесшісі Дмитрий Гендельман Израиль Иранға қарсы әскери операцияда мақсатына жеткенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, Тель-Авив АҚШ президенті Дональд Трамппен келісе отырып, атысты тоқтату туралы шешімге келген.
Операцияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге байланысты және gрезидент Трамппен толық келісе отырып, Израиль оның атысты екі жақты тоқтату туралы бастамасын қабылдады. Израиль бейбіт келісім шарттарын бұзылған жағдайда оған қатысты батыл шешім қабылдайды, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін The New York Times АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Құрама Штаттардың «алдағы екі апта ішінде» Иранға шабуыл жасау мәселесін шешетінін мәлімдеген болатын.