Күн-Жария

Қырғызстанда Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды

Сот бұрынғы президенттің мүлкін және мемлекеттік марапаттарын тәркілеу туралы қаулы етті

Бішкекте Первомай аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа сырттай үкім шығарды. Сондай-ақ Қой-Таштағы оқиғаларға қатысты тағы бірнеше адам сотталды, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Vesti.kg басылымының хабарлауынша, іс өндірісі барысында бірнеше эпизод қаралды: ТЭО модернизациялау, Қой-Иаш ауылында 2019 жылғы 7-8 тамыз күні болған оқиғалар, сонымен бірге сол ауылда жер телімдерін заңсыз алуға қатысты істер.

Сот шешіміне сай, Алмазбек Атамбаев кінәлі деп танылып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот бұрынғы президенттің мүлкін және мемлекеттік марапаттарын тәркілеу туралы қаулы етті.

Қалған сотталушылар 3 жылдан 7 жылға дейін сотталды.