Мәзір
22 мамыр, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережелеріне өзгерту енгізілді

Бұл шара заңсыз көші-қонмен күреске бағытталған пилоттық жоба аясында енгізіліп жатыр

Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережелеріне өзгерту енгізілді Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережелеріне өзгерту енгізілді
Фото: Көлік министрлігінің Telegram-дағы арнасы

Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережелеріне өзгерту енгізілді, деп хабарлайды Jarialike.kz Jibek Joly телеарнасына сілтеме жасап.

30 маусымнан бастап Ресейге баратын Қазақстан азаматтары шекарадан өту үшін 72 сағат бұрын ақпарат беріп,  цифрлық профильді толтыруы тиіс. 

Бұл шара заңсыз көші-қонмен күреске бағытталған пилоттық жоба аясында енгізіліп жатыр. Профильді RuID қосымшасы арқылы толтыруға болады, ол жерде сондай-ақ медициналық сақтандыруды рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.

Аталған өзгерістердің 6 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ Ресейде аккредитацияланған дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасыларына қатысы жоқ.

Егер туысының қайтыс болуына немесе денсаулығына байланысты шұғыл түрде жолға шығу қажет болса, онда шекарадан кіруге кемінде 4 сағат қалғанда RuID қосымшасы арқылы хабарлап, жеке кабинетке тиісті құжаттар мен анықтамаларды жүктеу қажет.

Визасыз режимдегі елдердің азаматтарына кірудің жаңа ережелері енгізілді. Бұл біздің еліміздің азаматтарына да қатысты. 30 маусымнан бастап Қазақстан азаматтары Ресей Федерациясына кіруіне 72 сағат қалғанда ProID жаңа платформа жүйесіне кіріп, жеке кабинетінде деректерді толтырып, фотосы мен жеке мәліметтерін жүктеуі керек. Сондай-ақ, елге бару жоспарына сәйкес кіру және Ресейде болу мерзімін көрсетуі қажет, — деді Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-консулы Ғазиз Ағыбаев.

Сонымен қатар жаңа ережеге сәйкес Ресейге адыраспан алып кіруге тыйым салынады. Ол құрамында есірткі және психотроптық заттар бар өсімдіктер тізіміне енгізілген. Заң бұзылған жағдайда 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 1 миллион рубльге (5 миллион теңгеге) дейін айыппұл қарастырылған.

Көп оқылды: