Денсаулық

Жүрек ауруы. Қалай инфаркттың алдын алуға болады

Бұл туралы Aif.ru сайты жазды

Бакулев атындағы жүрек-тамыр хирургиясы орталығы директорының орынбасары Юрий Бузиашвили инфракттың алдын алу үшін келесі төрт ережені ұстануға кеңес берді, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Бұл туралы Aif.ru сайты жазды. 

Кардиологтың сөзіне қарағанда, инфрактқа алып келетін ең көп тараған дерт – жүректің ишемиялық ауруы. Оның алдын алу үшін маман майлы тағамды аз жеп, қайта көкөніс, балық пен жасұнықты көп тұтынуға кеңес берді. Сонымен қатар физикалық белсенділік те жүрекке пайдалы көрінеді. Бұл үшін күнделікті 30 минут көлемінде серуендеу қажет. 

Юрий Бузиашвили жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алуда қан қысымы, холестерин мен глюкоза деңгейін бақылау маңызды дейді. Мұны 40 жастан асқанда істеу өте маңызды екен. Сондай-ақ маман темекіден бас тартуға шақырды. Өйткені шылым шегу тамыр ауруларының басты себебі екен.