Күн-Жария

Тұрғын үйден 2 метрлік жылан шықты

Жыланды өз бетімен ұстауға тырысу адам өміріне қауіпті

Алматы облысының Талғар қаласында жеке тұрғын үй ауласынан ұзындығы екі метрге жуық жылан табылды, – деп хабарлайды Jarialike.kz Аikyn.kz-ке сілтеп. Жергілікті тұрғын бұл туралы шұғыл түрде құтқару қызметіне хабарлаған.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен жыланды ұстап, оны қауіпсіз аймаққа жіберген.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға жылан көрген жағдайда сабыр сақтап, адамдарды үй-жайдан шығарып, жәндікті бөлмеде оқшаулап, дереу құтқару қызметіне хабарласуды ұсынады. Жыланды өз бетімен ұстауға тырысу адам өміріне қауіпті болуы мүмкін.