Саясат

Қазақстанға Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы келеді

Бұл туралы Ақорда мәлім етті

Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Jarialike.kz

Ақорданың мәліметінше, 11-12 мамыр күндері елімізге Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз барысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасы талқыланып, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады, – делінген хабарламада.