Шерзат ісі: Нұрғанат Ғайыпбаевтың пышақ салған адамды таныған видеосы көрсетілді
Полицейлер інісі мен өзін пышақтаған адамды фотодан көрсетеді.
Талдықорғанда өтіп жатқан сот процесінде марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың інісі мен өзіне пышақ салған адамды таныған видеосы ұсынылды, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Видеодаға зер салсақ, Ғайыпбаев ауруханада тергеушілердің сұрағына жауап беріп жатыр. Полицейлер інісі мен өзін пышақтаған адамды фотодан көрсетеді.
Түрін көрсем, айта аламын, - дейді марқұм Ғайыпбаев.
Тергеушілер одан «Пышақтаған Нұрқияс па?» деп сұрағанда, есінен танып жатқанын айтты.
Інімді пышақтап жатқанда, үстіне жатып алдым, – дейді марқұмның бауыры.
Тергеушілердің бірнеше сұрағына «Солар…» деп жауап береді.
Ғайыпбаев полицейлердің көрсеткен фотосына қарап, суреттегі адам інісін пышақтағанын растады. Ал екінші рет тағы бір фотоны көрсеткенде ол өзін пышақтағанын айтты.