Аймақ

Ақтөбе облысы жаңа жұмыс кестесіне көшпек

Ішкі сауалнама нәтижесінде бұл бастаманы мемлекеттік қызметкерлердің 70%-дан астамы қолдаған

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметкерлер жаңа жұмыс кестесіне көшпек, деп хабарлайды Jarialike.kz.

2025 жылдың 21 сәуірінен бастап Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметкерлер жұмыс күнін жарты сағатқа ертерек бастайды. Жаңа жұмыс кестесіне сәйкес, жұмыс уақыты 08:30-да басталып, 17:30-да аяқталады. Тиісті бұйрыққа облыс әкімі Асхат Шахаров қол қойған.

Әкімнің бұйрығына сәйкес, облыс әкімінің аппараты, облыстық басқармалар және Ақтөбе қаласының әкімдігі жаңа жұмыс тәртібіне көшетінін растаймыз: жұмыс уақыты 08:30-дан 17:30-ға дейін. Түскі үзіліс – 12:30-дан 13:30-ға дейін, – делінген хабарламада. 

Ресми хабарламада жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім ұжымдық түрде қабылданғаны айтылған. Ішкі сауалнама нәтижесінде бұл бастаманы мемлекеттік қызметкерлердің 70%-дан астамы қолдаған.

Қызметкерлер жұмыс күнінің ерте басталып, ерте аяқталуын қолайлы деп бағалады. Бұл өзгерістер мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыруға және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған, – деді облыс әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева.