Күн-Жария

Алматыда 20 жастағы бойжеткен 18-қабаттан секіріп, қаза тапты

Қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр

Алматыда 20 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза болды, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Оқиға Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Қыз 18-қабаттан құлап кеткен. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.

Қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, – деді ПД баспасөз қызметі.